«Үміт» бағдарламасы

2024 жылдың 3 желтоқсан да «Мен әлемді жүрегіммен көремін» тақырыбында Халықаралық зағиптар күніне орай сторителлинг өткізілді.

   Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

   Халықаралық зағиптар күні - 1745 жылдың 13 қарашасы күні Валентин Гаюи дүниеге келгеніне байланысты аталып өтеді. Ол Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.

    Осыған орай балалар кітапханасына жылдың басынан бастап қалалық «Халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінен мүмкіндігі шектеулі балалардың тізімі алынып, солардың ішінен жобаға тіркелетін оқырмандар іріктелген болатын. Осы оқырмандар арасынан «Мен әлемді жүрегіммен көремін» атты сторителлингке қатысты. Балаларға логикалық ойындар, денсаулыққа пайдалы спорт түрлері және сурет бояу арқылы өз шеберліктерін көрсетіп көңілді іс-шара өтті.