Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» бағдарламасы 2024 жылы өз жұмысын жалғастыруда
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» бағдарламасы 2024 жылы өз жұмысын жалғастыруда. Биыл «Үміт» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны 17 бала. Осы балалардың жас ерекшелігіне қарай біз газет-журналдар, түрлі кітаптар жеткізіп, ауыстырып отырамыз. Мұндағы мақсатымыз: балаларға мейірімді, жайлы жағдай жасау,балаларды толеранттылыққа, жанашырлыққа, мүгедектерге және айналасындағы адамдарға мейірімділікке тәрбиелеу.