Үміт бағдарламасы бойынша жұмыстар
Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен-күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірбие қажет.
Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жылдан - жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөпірімдерге көрсетіледі.
Осы орайда «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҮМІТ» бағдарламасы да жұмыс істеп келеді. Мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен үнемі тығыз қарым-қатынас жасалып, үйлеріне өздері тапсырған кітаптар мен басылымдар өз уақытында жеткізіліп тұрады.