Сыбдыры сұлу, Алтын күз!
2015 жылдың 15 қазанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде қамкөңіл мүгедек балаларға арналған «Сыбдыры сұлу, Алтын күз" атты мерекелік кеш ұйымдастырылған болатын. Кештің мақсаты: жарымжан жандарға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Табиғат анамыздың сыйға тартқан сұлу да көркем мезгілін оқырман қауымға жеткізе отырып, айналамызды қоршаған табиғатымыздың алтындай сары түске боялғанына тоқталып, күз мезгілінің адамға берер пайдасы туралы айту. Күздің негізгі символдарына тоқталу. Сонымен қоса дәстүрге сай көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері жасаған қол өнер бұйымдары қойылды.
Оқырмандар осы кешімізге бар ынта –жігерлерімен қатысып өздерінің өнерлерін ортаға салды. Кеште қазіргі заманауи би де, сызылта салған ән де гимнастикалық қойылым да көрсетіліп келген қонақтарымыз бір сәт болса да сергіп қалды. Сонымен қоса осынау «Алтын күз» жас ақын қызымыздың шабытын оятса керек 4 сынып оқушысы Бекназарова Айнұр «Күз келді далама» атты өлеңін жолдап көрермендерімізді қуанышқа бөледі.
Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы. Самалмен тербелген егін сабағы молшылықтың нышаны. Өңін жел қағып,
күн сүйген жандардың қажыр қайраты. Олай болса құрметті оқырман қауым күз мерекесі баршаңызға береке мен молшылығын ала келсін.
Балалар бөлімінің кітапханашысы:
Сәбит Сымбат