Ләйлі-Мәжнүн: дастан, өлеңдер
Қазақтың аса көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы көп жылдан бері Шығыстың әлемді таңғалдырған жеті майырығының бірі, ежелгі түркі әдебиетінің атасы, өзбек халқының данышпан ақыны Әлішер Науаидың шығармаларын шығыстың бес дастанын түратын «Хамсасын» қазақ тіліне аударып келеді.
Н. Айтұлы көне өзбек тілінен тәржімалаған «Хамсаның» «Ескендір қорғаны» атты дастанын қазақ оқырмандары қуана қарсы алған болатын. Енді ақтаңдақты «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының аудармасын ұсынып отырмыз. Шалқар шабытпен, асқан шеберлікпен аударылған ұлы шайырдың жауһар туындылары туысқан екі ел арасындағы әдеби байланыстың алтын көпіріне айналары сөзсіз...
Сонымен қатар ақынның өз өлеңдерімен қоса әлем әдебиетінің үздік ақындарын жасаған аудармалары кітапқа еніп отыр. Түпнұсқаның көркемдік болмысын сақтай отырып, қазақ тілінің шұрайлы өрнектерімен байытылған. Шығармалар арқылы оқырман басқа халықтар поэзиясының сұлулығын, терең ойы мен рухани қуатын қазақ танымы аясында сезіне алады.