Жаңа кітаптар келді
Волшебная книга. Город медвежат.
В этой серии юных читателей ждут встречи с веселыми героями увлекательных рассказов. Большие, яркие панорамные картинки вызовут у малыша настоящий восторг. На страницах книг серии ребятишки обнаружат неожиданные сюрпризы – вставки, различные подвижные элементы, открывающиеся окошки, выдвижные картинки, которые приоткроют завесу тайн о жизни пиратов, фей, медвежат и машин. Они помогут превратить чтение в познавательную и увлекательную игру, ваш малыш будет радоваться, совершая открытия.
Сиқырлы кітап. Аюлар қаласы.
Оқиғаға толы топтаманың кітаптары – саяхатты ұнататын бала үшін таптырмас сыйлық. Бұл кітаптардың ашылып-жабылатын, жазылатын, қозғалатын, бұралатын, айналатын бөлшектері, асыл тастары бар. Бала көлік түрлерімен, Аюлар қаласымен, теңіз қарақшыларымен танысып, Ертегілер әлеміне қонаққа барады. Көптеген оқиғаларды бастарынан өткізіп, тапсырмаларды орындайды. Қиялын, зейінін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді. Кітапқа деген қызығушылығын арттырады.
Ертегілер елінде. Түймеқыз.
Андерсен ертегісінің желісі бойынша. Ертеде бір баласы жоқ жалғыз басты әйел сиқыршы кемпірге барып: - Өмір бойы "балам болса" деп армандап келемін. Бәлкім, сен бір амалын табарсың? - дейді ауыр күрсініп. Әйелді аяп кеткен кемпір оған арпаның дәнін береді де: - Осы дәнді гүл өсіретін тостаққа сал да, топыраққа көміп таста. Кейін не болатынын өз көзіңмен көресің, - дейді кемпір. Әйел рақметін айтып, кемпірге сый-сыяпатын жасайды. Үйіне жеткен бойда дәнді тостаққа отырғызып, су құяды. Сол сәтте одан қызғалдаққа ұқсайтын әдемі гүл өсіп шығады. "Қандай ғажап!" деп қатты қуанған әйел гүлдің күлтелерін сүйе бастайды. Сол кезде бірдеңе тырс еткендей болады да, күлтелер ашылады. Қараса, гүлдің тостағаншасында үлкендігі туймедей ғана кішкентай қыз отыр екен. Сондықтан әйел оны Түймеқыз деп атайды.
Винни и его друзья. Азбука.
Пришло время освоить алфавит? Эта азбука станет незаменимым помощником вашему маленькому ученику. Учить буквы с любимыми героями гораздо интереснее!
Қазақ халық ертегілері.
Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауы- сарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке,
ізгілікке баулиды.
101 далматин
Таңқаларлық мультфильмдерде романтика мен ерлік, әзіл мен жан жылуы, қуаныш пен қайғы бірігіп қосылады. «Disney Алтын классикасы» атты серия – көптегенәсерлі суреттері бар өте жақсы безендірілген кітаптар.
Арыстан патша
Тамаша ертегіші Уолт Диснейдің есімі елге мәлім. Оның таңқаларлық мультфильмдерінде романтика мен ерлік, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, әдемі әзіл мен жан жылуы қатар өріліп, елітіп әкетеді. “Алтын классика” сериялық кітаптар тамаша оқиғаларымен қоса көркем суреттерімен де көздің жауын алады. Кішкентай оқырмандар өздерінің сүйікті қаһармандарымен бірге сиқырлы әлемге тап болып, таңғажайып құпияларды ашады.
Сұлу қыз бен Құбыжық
Құбыжыққа айналған ханзада өзінің түнерген сарайында сиқырдан құтылар кезін күтуде. Оны сол қалпында қабылдайалатын қыздың махаббаты ғана құтқармақ... Сұлу қыз еш нәрсеге қарамастан ханзаданы ұнатып, сиқырды жеңе алар ма екен? Кітап мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Ертегі мәтіні ықшамдалып алынды.
Бөбектерге арналған қызықты ертегілер
5 және 6 жасар балаларды мектепалды дайындықтан өткізуге арналған оқу – әдістемелік кешендер.