Ш.Жылқыбаева Жапон тілінен аударған:
Бұл кітапқа Хирошимадағы Жапония-Евразия ұйымының, Жапония фольклортанушылар ассоциациясының, евразия жазушылар Одағының мүшесі, жапонтанушы Шарафат Жылқыбаевавның аударуымен жапон ертегілері енген.
Солтүстігіндегі Хоккайдодан бастап оңтүстігіндегі Окинаваға дейінгі Күншығыс аралдарында айтылатын қиял-ғажайып, батырлық, тұрмыс-салт, аң-құс, хайуанаттар туралы ертегілердің барлығы түпнұсқадан тікелей аударылған. Кітапқа сондай-ақ «Урашиматароу», «Хана-сакаджиисан», «Кинтарроу», «Иккюсан», «Ақылды қоян», «Иссунбоуши», «Умихико мен Ямахико», «Момотароу» сиякты жапон префектураларына кең тараған ертегілер де енгізілді.