Кітапханаға саяхат

2017 жылдың 6 маусым күні №2 мектеп - балабақша кешенінің жазғы сауықтыру лагерінің балалары тәрбиешілерімен бірге қалалық кітапханаға экскурсияға келді. Кітапханашылар экскурсия  барысында балаларға  балалар бөлімі кітапханасымен және «Атамұра» қоғамдық бірлестігімен танысты. Өнерлі оқушылар үшін бастау алып, 2010 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан шебер қолдар үйірмесімен де хабардар болды. Кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар: ертегі , әңгіме, ашылмалы, және даналық әліппесі (инновациялық сөйлейтін қалам) кітаптарымен  кеңінен таныстырылды.

Экскурсия балаларға өте ұнады.