Eлбасы

1-желтоқсан Президент күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.

Танымдық сағат «Балақай» балабақшасының балдырғандарының көзайым болуымен өтті. Балалар тұңғыш елбасы жайында қомақты мәліметтер алды. Елбасы, Отан тақырыбындағы өздері білетін өлең-тақпақтарды айтып, патриоттық рухтағы «Ағатайым» әнін  орындап берді. Арнайы әзірленген слайд арқылы Президент күні тарихымен танысты.

Сондай-ақ, балалар бөлімінің түрлі форматтағы танымдық кітаптарымен танысып, «Атамұра» орталығындағы ұлттық нақышта безендірілген бұйымдар жайында да көптеген мағлұматтар алды.

Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7% дауыспен жеңіске жетті. Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады.

Балалар тәрбиешілерімен бірге естелікке суретке түсіп, кітапханадан жайдарлы көңіл-күйде тарқасты.

20171124_101456 20171124_103859 20171124_104018 20171124_104534