«Ер мінезді-Мәншүк»

        

2017 жылдың 21 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай «Ер мінезді - Мәншүк» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Іс- шараға қаламыздың жастары және мектеп оқушылары  қатысты.

         Мәншүк Мәметова – Исатай мен Махамбеттей жаужүрек батыр тұлғаларды, Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек сынды өнер тарландарын дүниеге әкелген шежіреге толы киелі мекен Бөкей ордасының тумасы.Екінші дүниежүзілік қанды қырғын 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 1945 жылға дейін созылды. Соғыс даласына қазақтың ұлдарымен бірге өрімдей қаракөз қыздары да өз еріктерімен аттанған болатын. Олар өздерін нәзікпіз демей – басын бәске тікті, ерлерден кем ерлік көрсеткен жоқ. Оның бір Мәншүк еді.Өзгеде кездесе бермейтін ерлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. «Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды.

     Іс-шара барысында кітапханашы А.Исманбетова М.Маметова жайлы толық ақпарат айтып өтті. Іс- шара соңында оқырмандарға «Қазақтың батыр қызы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге кітапхана қорындағы М.Маметова туралы жазылған кітаптар және газет-журнал беттеріне шыққан материалдар қойылды.

7Dm52qcExQU JC8TxyFIEyU