Ербол Шаймерденұлы. Шығармалары
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының алтыншы томына енген мақалалар мен көсем сөздер, түрлі жиындар мен конференцияларда, ресми шараларда сөйлеген сөздер мен жасалған баяндамалар, ғылыми-көпшілік талдаулар автордың атқарған қызметтеріне орай тәуелсіздік жылдарында шешуге тура келген мәселелерге қатысты көзқарастарын танытады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, Парламенттің баспасөз қызметінің жетекшісі, Мәдениет және ақпарат министрлігі департаментінің директоры, комитетінің төрағасы бола жүріп, ұлы өзгерістер кезеңін көзбен көруші ғана емес, солардың тікелей қатысушысы ретіндегі жан тебіренісі мен күйзелісін жұртшылық алдына жайып салады. Кітап еліміздің тарихын білгісі келетін, тәуелсіз даму кезеңінде қоғамда шешімін тапқан мәселелердің жай күйіне қаныққысы келетін оқырман қауымға арналған.