«Ерлік даңқы мәңгілік»
Мақсаты: Ауған жерінде қаза болған және еліне аман оралған жауынгер-интернационалистерді еске алу. Ардагерлерді, жауынгерлерді құрметтеуге үйрету. Ел тарихына, отанға, халыққа деген сүйіспеншіліктерін ояту. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Еске алу кешіне қаладағы №1,2 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
Еске алу кешіне қаламыздағы ауған соғысының ардагерлері Бекболат Колибаевич Пашенов, Валерий Викторович Крупский қатысып, оқушыларға ауған соғысының ақиқатын айтып, өздерінің ақыл- кеңестерін берді. 1979-1989 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Қорыта келгенде айтатынымыз, ауған соғысы аяқталғанымен, оның салдары халықтың жадында мәңгіге сақтаулы. Себебі, бұл соғыстың әкелген қайғысы жауынгерлердің қанымен, аналардың көз жасымен тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы мәңгілік» атты сурет көрмесі ұсынылды.