«Ерлік ұрпаққа мұра»
2017 жылдың 14 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Ерлік ұрпаққа мұра» атты презентация өтті.
Мақсаты: Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз, өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтті.
Бұл соғыстың әкелген қайғысы жауынгерлердің қанымен, аналардың көз жасымен тарих беттерінде өзіндік із қалдырды.