«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана»

Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мереке. Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік.

        Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған бас қаламыздың қарышты қадамы шынында да мақтан етуге лайық.Астана- еліміздің бақыты .

Астана күні-бүкіл қазақстандықтардың мейрамы.     

Жас әрі көркем Астанамыз жасай берсін,  Қазақстанымыз қарыштай берсін деген ниетпен біздің қалалық кітапхананың балалар кітапханасының кітапханашылары  өнер және спорт мектебінде ашылған «Непаседы» атты жазғы лагерьге  «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты кітап көрмесін насихаттаған болатын. Көрмеге Елордамыз Астана туралы сирек кездесетін кітаптар, құнды энциклопедиялар, Елбасымыз Н.Назарбаев жайлы кітаптар қойылды. Оқырмандарымыздың Астанаға деген қызығушылығы мен Елбасына деген құрметі айрықша. Белсенді оқырмандарымыз  Астана күнімен және Елбасының туған күнімен құттықтап, оған деген шағын арнауларын да оқып берген болатын. 

DSCF2686 DSCF2708 DSCF2717