Еңсесі биік- Ұлы Жеңіс!

 Жеңіс туы желбірегеніне – 77 жыл. Мамыр айының 6- сі күні, тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор осынау айтулы датаға орай кітапхананың «Білім» орталығында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Еңсесі биік- ұлы Жеңіс!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету;

      Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, іс-шараны кітапхана қызметкерлері Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамдардың өмірін алып кеткенін және Ұлы Жеңістің Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен келгені туралы айтып бастады. Іс-шара барысында «Айналайын» бөбекжайынан келген «Қарлығаш» мектепке баратын даярлық тобының тәрбиеленушілері Ұлы Жеңіс күніне арналған өлеңдерін айтып, «Қара жорға» биін орындап берді. Сондай-ақ жас сарбаздар оқырмандарға жазушы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабының желісі бойынша дайындалған «Опасыздың жазасы – өлім» атты көрінісін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Қорытынды сөз Қарулы Күштер ардагері Т.Кенжебековке берілді. Ары қарай Ұлы Отан соғысы және Кеңес Одағының батырлары жайлы бейнематериалдар көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

3 4 5 7 9 11 12 13 14 15