Есірткі есіңді жидырмайды

1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды өзінің есірткіні теріс пайдаланушылықтан еркін халықаралық қоғам құру мақсатында қызметін және ынтымақтастығын күшейту табандылығын білдіру үшін Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына, заңсыз түсік жасатуға қарсы күрес күні ретінде атап өтуді белгіледі. Соған орай   «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  «Есірткі есіңді жидырмайды» атты дөңгелек үстел  ұйымдастырған болатын. Кешімізге   8 - 9 сынып оқырмандары қатысты. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты: 

-  Зиянды заттардың адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы түсінік беру.

-  Өз ойларын, көзқарастарын айта білуге үйрету.

-  Зиянды әдеттерден аулақ жүруге, олардың қандай зиян екеніне тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелдің барысы:

Бірінші байлық-денсаулық» деп айтылғандай, өркениетті елдің әрбір азаматының    денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болу қажет.  Зиянды әдеттерден нашақорлықлықтан  сақтану, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.  Жиынды бастамас бұрын, оқушылардан зиянды әдеттер жайлы не білетіндерін сұрақ қою арқылы анықтадық.  Оқушылар белсенділік таныта отырып төменде берілген сұрақтарға жауап берді.

Зиянды әдеттер дегініміз не?

1 сұрақ . Зиянды әдеттер дегініміз не?

2 сурақ . Адамға тигізер әсері ағзасына, өміріне, қоршаған ортаға әсері.

3- сурақ . Өміріне, қоршаған ортаға  әсері.

 

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымға шығуына қарсы күрес күні бұқаралық қоғамға қазіргі уақытта есірткі мәселесіне баса аударуға себепші болып отыр.Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес  жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!

20160624_152838 20160624_154759 20160624_155801 20160624_155809