Әдеп – ең қымбат мирас

2017 жылдың 13 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар  кітапханасында  «Әдеп-ең қымбат мирас»  атты  тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты.

      Мақсаты:  балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

     Әдептілік - әдемілік. Әдепті бала әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Кішілерге ақылдылықты, парасаттылықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Балалар соны түсіне отырып, ата – баба мұрасын салт – әдеттерін үйренеді. Адам болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы қажет.

     Тәрбие сағатына қатысқан оқушылар өте белсенді болды. Тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, жағдаяттық сұрақтардан да мүдірмей өтті. Тәрбие сағаты соңында балаларға «Әдепті бол әманда» атты жадынамалар үлестірілді.

2 3 4 5 6 7