«Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады»
2018 жылдың 2 ақпанында облыстың барлық кітапханаларында бір уақытта Сталинград шайқасындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» атты еске алу күнінің құрметіне «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде тарихи еске алу сағаты өткізілді. Тарихи еске алу сағатына №2 орта мектептің 4-8 сынып оқушылары, яғни, барлығы 56 оқушы қатысты.
Еске алу күнінің мақсаты мен міндеттері: Өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи тәжірибе негізінде руханилықты жаңғырту, Сталинград шайқасы туралы қазақстандық шығармаларды кеңінен танымал ету, оқырман балалардың Сталинград шайқасы жылнамасының тарихына қызығушылықтарын, Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандық батырлар туралы білімдерін қалыптастыру, оқырмандарды патриоттық әдебиетті оқуға тарту.
Сталинград Шайқасы –екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. Ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны Қазақстан даласын да шарпыды. Жылдар жылжып өтсе де, 75 жыл бұрын аяқталған Сталинград соғысындағы қазақ жауынгерлерінің батылдығы мен Сталинград аспанында капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіровтың ерлігі мәңгі есте сақталмақ. Майдангер халқымыздың бұл соғыстағы еңбегін біздің ұрпақтарымыз орынды мақтаныш ете алады.
Аталмыш тарихи еске алу сағатын өткізу барысында оқырмандар Сталинград шайқасы жайында мазмұнды деректермен танысып, соғыс туралы көркем шығармалардан үзінділер тыңдап, презентациялар мен бейне үзінділерді көріп, Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық батырлар: Нүркен Әбдіровке, Мәншүк Мәметоваға, Қасым Аманжоловқа және басқа да ержүрек батырларға арналған өлеңдерді тебірене оқып, арнайы әзірленген кітап вернисажын тамашалады.