«Елдік пен ерлікті жырлаған» атты кітап көрмесі
2017 жылдың 3 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде Караганды облысының тумасы, ақын, жазушы Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл толуына орай «Елдік пен ерлікті жырлаған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беру; Адамгершілік, сыйластық, кішіпейілділік қасиеттерін нығайту.
Жеңіс Қашқынов -өте талантты аудармашы болған. Көбіне орыс, украин, өзбек, молдаван, қырғыз тілдерінің өлеңдерін аударға. Оның 16 поэзиялық және прозалық кітабы ересектер мен балаларға арналған. Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығының басты тақырыбы – халқымыздың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған.