Көшімова Бибатпа Үстірттегі көненің іздері
Қазақ жерінің батысында орналасқан ежелгі Маңғыстау өңірінің қойнауы тұнған тарих десе де болғандай. Бұл өлкеден есімдері халық жадында сақталған би-шешендер, қол бастаған батырлар, от ауызды орақ тілді ақын-жыраушыларшыққан. Еңбектен осынау киелі де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Пір Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне скерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың құнды да қызғылықты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған. Кітаптың өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген перзенттік отансүйгіштік рухын қалыптастырудағы маңызы зор болары даусыз.