«Kitap шоу - 2024» кітап фестивалі

23 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap шоу - 2024»  кітап фестивалі ұйымдастырылды.

Кітап фестивалінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, кітап оқуға тарту, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту;

Фестиваль алдында бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге салынып, хабарландыру жұмыстары жүргізілді. Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы әртүрлі бағдарламалар әзірленді.

Кітапхананың «Білім» орталығында «Үш бәйтерек», «Алаш зиялылары», «Тарихи тұлғалар», «Мерейтой иелері-100 жыл» кітап көрмелері, кітапты насихаттаудың қазіргі формасының бір түрі – «Оқы және өзгеге сыйла» буккроссинг ұйымдастырылды.

«Білім» орталығында «Қызылқұмның бес бұлағы» жергілікті ақынымыз, ұлағатты ұстаз Орынбек Орынбасарұлы Айтбенбетовпен кездесу кеші ұйымдастырылып, мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, оқу бөлімінде «Поэзия Party» кеші өтті. Кеште поэзияға жаны құштар жастар қазақтың біртуар ақындарының шығармашылығынан өлеңдер оқыды .

«Кітап – рухани қазына», «Кітаптар подиумы» көрме-инсталляциясына қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер, мотивациялық кітаптар, фантастика мен детектив жанрындағы әдебиеттер қойылды. «Білім-кілті кітапта», «Кім шапшаң?»  тақырыбында түрлі викториналар, интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Фестивальға мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапхана ұжымы қатысты