Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес

Діни экстремизм- қауіпті құбылас

2024 жылдың 29 сәуір күні «Діни экстремизм-қауіпті құбылыс» тақырыбында кітапханада қарым-қатынас сағаты өтті. Мақсаты: Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру

Діни экстремизм- діни экстремизмнің бастауы

2023 жылдың  23 мамыр күні кітапхананың оқу бөлімінде «Діни экстремизм –діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді.

Біз терроризмге қарсымыз

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күніне орай "Біз терроризмге қарсымыз" строителлинг

«Діни экстремизм-рухани дағдарыс»

 2022 жылдың 18 сәуір күні діни алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік әрекеттерді болдырмауға және терроризмнің таралуын алдын-алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобасы аясында, «Парасат жолы» бұрышында «Діни экстремизм-рухани дағдарыс»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.    Мақсаты: экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

Кітапхана қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

2021 жылдың  29 қазанында «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыс аясында "Аманат" қоғамдық бастамалар орталығы" қоғамдық қорының теологы, Қарағанды қаласы "Қазыбек би" мешітінің бас имамы  Әбдірахман Ысқақ  , "Приозерск" қалалық мешітінің имамы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Давид Сейтқалиұлы қаламызда діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбында  кітапхана  ұжымы арасында ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Экстремизм мен терроризм-ғасыр індеті

2021 жылдың 19 қараша күні Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес күніне орай «Экстремизм мен терроризм-ғасыр індеті» ақпараттық сағат.

Діни экстремизмге жол жоқ!.

2021 жылдың 15 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске орай «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Адастырушы діни ағымдардың алдын алу

2020 жылдың 26 қазан күні әлеуметтік желіде (онлайн режимде) «Адастырушы  діни ағымдардың алдын алу»  тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері,себептері мен зардаптарын ұғындыру;

Терроризм-дінге жат ұғым

2020 жылдың  27 маусым күні әлеуметтік желіде(онлайн режимде) «Терроризм-дінге жат ұғым» атты кітап көрмесіұйымдастырылды.