Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес
Діни экстремизм- әлемге төнген қауіп
2020 жылдың 16 сәуір күн әлеуметтік желіде (онлайн режимде) «Діни экстремизм- әлемге төнген қауіп» бейнеролик көрсетілді.
Мақсаты: терроризм туралы терең түсінік беру,оның түрлері,себептері мен зардаптарын ұғындыру:
Діни экстремизм мен терроризм
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – діни экстремизм мен терроризм тақырыбы. Осыған орай, 2019 жылдың 18 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Діни экстремизм мен терроризм» атты ақпараттық сағат өткізілді. Аталған іс-шараға №1 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Терроризм- бейбітшілікке төнген қауіп
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамның әлеуметтік, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, 2019 жылдың 18 қыркүйек күні «Терроризм- бейбітшілікке төнген қауіп» тақырыбы аясында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Лаңкестік – әлем қаупі
2019 жылдың 15 маусымында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу бөлімінде Нұрлы білім диструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы және Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дін маманы Құрманғожин Бектұр Уахитовичтің қатысуымен «Лаңкестік – әлем қаупі» атты әңгіме шолу өткізілді.
Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамның әлеуметтік, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, 2018 жылдың 16 қараша күні «Экстремизм және терроризмге қарсы күрес» атты дәріс сабағы өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері,себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
«Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы»
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамның әлеуметтік, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, 2018 жылдың 20 маусым күні «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы » тақырыбы аясында әңгіме шолу өтті. Аталмыш іс-шараға Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің дін маманы Құрманғожин Бектур Уахитович және «Жасыл ел» еңбек жасақтары шақырылды.
Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес
Казақстан – бүгінде әлем елдерінің арасында экономикасы жақсы дамып, өркендеп келе жатырған мемлекеттің бірі. Әлемдегі ең дамыған мемлекеттің құрамына кіру мақсатына – еліміз сенімді және тұрақты жету жолында. Казақстан Еуразия алаңында саяси жағынан дамыған елдердің алдыңғы қатарында болса да, елімізді әлсірететін жағдайлар бар. Бірінші кезекте жаппай санамызға әсер еткен «терроризм» мен «экстремизм».