«КІТАП шоу -2023» фестиваль

23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау» күніне орай қалалық кітапханада «КІТАП шоу 2023» фестивалі өткізілді. Кітапхана алаңында  «Ғажайып кітап әлемі», «Ақпарат айдынында» кітап, мерзімді басылым көрмелері және  «Оқы және өзгеге сыйла» буккросинг ұйымдастырылды. Фестиваль барысында түрлі танымдық шаралар өткізілді.

Шара барысында балалар бөлімі «Жаңбырлы кітап» және «Библиокафе» кітап көрмелері құрылып, оқушылар арасында әр-түрлі викториналық сұрақтарға жауап беру, сурет арқылы ертегі кейіпкерлерін анықтау, үзінді оқып, шығарманың аты мен авторын табу, мақал-мәтелдерді жалғастыру сияқты қызықты ойындар ұйымдастырды.

Сондай-ақ  «Білім» орталығында  06708 әскери бөлім сарбаздарының және мектеп оқушыларының қатысуымен «Даналық ағашы» және Не?Қайда?Қашан? интеллектуалды ойындар сынды қызықты сайыстар өткізілді. «Жаңа кітаппен жүздесу» кітап көрмесі дайындалып, көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер қойылды. Кітапхананың оқу бөлімінде «Поэзия Party» салонында кітап тарихына шолу жасап, ақындардың өлеңдерін оқу арқылы әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, сонымен қатар «Кітап – білім бұлағы, ал білім — өмір шырағы» деген нақыл сөздің өмірден алар орнын бағындырар белестерін оқырман бойына сіңіру. Мақсатымыз әлемдік шараға қатысу ғана емес, қазақстандық кітап өндірісінің дамып келе жатқанын көрсету, руханиятымызды насихаттау. Фестиваль соңында белсене қатысқандарға Алғыс хат беріліп, сыйлықтар таратылды. Естелік фотоға түсірілді.