Кітапхана – ұлы байлық мекені
2 сәуір – Балалар кітабының халықаралық күні.1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын Данияның балалар жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Сол орайда «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 11 сәуірінен 16 сәуірі аралығында балалар кітабының апталығы ұйымдастырылды. Күнделікті тақырыпқа сай бағдарлама құрылған болатын. Апталықтың ашылуына орай 11 сәуірде сағат 10.30 – да 1 – 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – ұлы байлық мекені» атты танымдық сағаты өтті. Басты мақсаты - кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына- кітап әлеміне шолу жасау. Кітап әлемі- адамды арман биігіне самғатып, ақыл- ой сұлулық әлемін шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Кітапты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу. Жалпы оқушыларды кітапхана өмірімен таныстырып, кітапты сүйе білуге, кітапты күтіп ұстап, қадірлей білуге, кітапханашы еңбегін бағалай білуге баулу.
Тақырыпқа сай «Балаларға арналған танымдық кітаптар», «Ертегілер елінде», «Көңілді көліктер» атты кітап көрмелері көрермен назарына ұсынылды. Көрермендер арасында сұрақ – жауап ретінде «Кітап нені сүйеді?», «Кітаптар сыр шертеді», «Жеті жұрттың тілін біл» жайлы ойындар ойнатылды. Сонымен қатар оқушылар кітап туралы тақпақтарын, тілектерін, ойларын білдірді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Біздің болашағымыз білімді жастардың қолында.