Кітапхана беделі-білім ошағының мәртебесі
2016 жылдың қазан айының 14 жұлдызында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Кітапхана беделі-білім ошағының мәртебесі» атты кітапханашылар арасында семинар өткізілді. Семинарға қаламыздағы мектеп кітапханашылары мен № 44841 әскери бөлім кітапханашысы қатысты Семинардың мақсаты мен міндеті: Кітапхана мен кітапханашы беделін көтеру және оқырмандар арасындағы қарым-қатынасты нығайту; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; олардың шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру, кітапханалық қызметті ұйымдастыру.
Кітапхана директоры П.С.Кенжебекова семинарды алғы сөзімен ашты. Кітапхананың соңғы жылдардағы жаңалықтары және қол жеткізген жетістіктері, жөнінде айтып кетті. Семинардың бағдарламасы бойынша: «Кітапхананың қоғамдағы орны мен маңызы» Ш.У.Козыгельдиева; «Кітапханада ақпараттық технологиялардың жаңа түрлерімен әдістерін қолдану»А.Зарықхан; «Кітапхана қорын толықтырудағы жаңа мүмкіндіктері» А.Елтай; «Қазіргі жастардың ақпаратты пайдалану стилі» С.Қалдыбаева; «Кітап және кітапхана бала өмірінде» С.Сәбит дайындаған баяндамалары негізінде жұмыстарын таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар шеңберінде кітапхана әдіскері кітапханашыларға Астана қаласының «Interactiv Kazakhstan» фирмасы жасап шығарған сөйлейтін қаламсабын, «Даналық әліппесі.» оқу-әдістемелік жиынтығымен таныстырды. Аталған жиынтық жиналған мамандардың қызығушылығын туғызып, сөйлейтін қаламсапты пайдалану бойынша көптеген сұрақтар туды. Сонымен қатар «Бүгін біздің кәсіби мереке» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, белгіленген мәселелер қаралып болғаннан кейін әр түрлі сұрақтар төңірегінде көкейкесті сұрақтар талқыланды. Содан семинарға қатысушы кітапханашылар осы семинарды ұйымдастырып отырған «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жақсы дәрежеде өткендігін айтты.