Лагерь

2017 жылдың 10шілде күні«Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК  жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге қалалық кітапханаға экскурсия жасап қайтты. Кітапханашылар экскурсия  барысында балауса балғындар мен жеткіншектерді  балалар бөлімі кітапханасы, оқу залы, абонемент залы және «Атамұра» қоғамдық бірлестігімен таныстырды. Өнерлі оқушылар үшін бастау алып, 2010 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан шебер қолдар үйірмесімен де хабардар болды. Кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар: ертегі , әңгіме, ашылмалы, және даналық әліппесі (инновациялық сөйлейтін қалам) кітаптарымен  кеңінен таныстырылды. Кітапхана тәртібі, ішкі жұмысы, өткізілетін іс-шаралар жайында мағлұматтар алды.

     Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Кітапхананы саяхаттауға бастауыш және орта буын сыныптарының 1-7 сыныптар аралығындағы балалары келді. Демалушы ұл-қыздар арасында кітапханамыздың белсенді оқырмандары да бар. Оқушылар лагерьден тыс уақытта кітапханамен тығыз байланыста болатындықтарын айтып, қуанышты көңіл-күймен тарқасты.

2 3 4 5 6 7 8 9 10