Өлеңдеріндегі сыршыл сезім
2017 жылдың 15 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары қаламыздағы № 1 қазақ орта мектебінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен ақын Сырбай Мәуленовтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Өлеңдеріндегі сыршыл сезім» атты әдеби кеш өткізді.
Мақсаты: оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері , ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру.
Сырбай Мәуленов қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, соғыстың от-жалынынан өткен майдангер ақын. Сыршыл лирик. Қан майданда да ол қолынан қаламын тастамады. От пен оқтың арасында жүріп рухты өлеңдер жазды. Соғыстан оралған соң да барлық саналы ғұмырын өлеңге арнады. С.Мәуленовтің тұңғыш жинағы 1948 жылы жарық көрді. Ол – кемелденген қазақ әдебиетімен бірге ер жетіп, өзіндік үн, нақыш бояуымен дараланып танылған ақынның бірі. Оның өлеңдеріндегі бейнелі сөздер, дәл табылған теңеулер, ойлы түйіндер бірден-ақ назар аудартып, көңілге ұялай кетеді.
Кеш барысында кітапханашы оқушыларды Сырбай Мауленовтың өмірбаянымен таныстырды. Кеште оқушылар автордың бірқатар өлеңдерінен үзінді оқыды.Осы кеште С.Мауленовтың өлеңдері, көпшіліктің көңілінен шықты. Оқушылар назарына «Өлеңдеріндегі сыршыл сезім» атты кітап көрмесі ұсынылды.