«Лучшая в мире Астрид»

2017 жылдың 14-қарашасы күні   «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде атақты швед балалар жазушысы Астрид Анна Эмилия Линдгреннің туғанына 110 жыл толуына орай «Лучшая в мире Астрид» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

     Мақсаты: А.Линдгреннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, шығармашылығы арқылы оқушыларды бауырмалдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа шақыру. Жақсы қасиеттерге үлгі алуға баулу.

     Астрид Линдгреннің шығармаларындағы жас оқырмандарды баурап алатын басты қасиет қиял мен шындықтың, ғажайып пен күнделікті тірліктің біте қайнасып жатуы ғана емес, қалмгердің балалар жанына терең бойлап, тағдырына зер салуында, өмір тынысына ден қоюында. Жазушының атағын жалпақ жаһанға жайған Балақай мен Карлсон хикаяларын әлем балалары сүйіп оқыған туындысы. Балдырғандардың сүйікті кейіпкерлерін өмірге әкелген жас жеткіншектердің жарқын досы, жанашыр анасы Астрид Линдгрен 1907 жылы Швецияда дүниеге келген.

     Көрмені тамашалауға келген оқушылар автордың бірнеше шығармаларымен таныс болып шықты. Сүйікті де танымал кейіпкерлерінің автор туралы көптеген мазмұнды да қызықты мәліметтер алып қайтты. 

20171110_173255 20171111_154721 20171111_164343