Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

2025 жылдың 8 мамырында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай кітапхананың «Білім» орталығында «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру және өнеге тұту; Іс-шараға 44841 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.

Мерекелік кеш әнұранмен басталды. Оқырмандарға Ұлы Жеңіс туралы ақпарат беріліп, «Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары» туралы видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар, жерлес ардагерлермен таныстырылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухын үнсіздікпен еске алдық. Мерекелік кеште жас сарбаздар өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шарада «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.