«Ұлы жазушы- Ғабиден»
2017 жылдың 23 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына орай «Ұлы жазушы-Ғабиден» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу,көркем сөйлеуге баулу.
Кітапханашы А.Исманбетова қазақ әдебиетінің інжу-маржаны, жарық жұлдызы Ғабиден Мұстафиннің ғұмыры жайлы көптеген мәлімет беріп, оқушылармен сұрақ –жауап әдісі қолданылды. Бейне ролик көрсету арқылы, оқушыларды ақын өміріне деген қызғушылықтары арта түсті. Оның елім деп соққан елжіреген жүрегінен шыққан әрбір туындылары қазақ рухын шабыттандырып қана қоймай, бүгінгі өскелең жас ұрпақ, аға буынға рухани азық пен қайратқа толы тәлім- тәрбие береді.
Ғабиден Мұстафин осы дәуірдің ішінде қазақ совет прозасынан өзінің тиісті орнын алумен бірге әдебиетіміздің бетін бүгінгі өмірге бұруымызға да үлкен жетекші болды...Оның үстіне, жазушының ізденіс талаптары тұтас бір бағытта болғандықтан табысы да олқы емес. Ғабиден типтері де, типтік жағдайларды да өзіміздің шындығымыздан алып өсіп келеді.
Іс- шара соңында «Көркем сөздің хас шебері» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.