«Ұлытау- қазақ хандығының бесігі»

2015 жылдың  16 наурыз - 20 наурыз аралығында  «Ұлытау- қазақ хандығының бесігі» атты  қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тақырыптық апталық болып өтті.

Апталықтың мақсаты:  Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Міндеті: Өткен тарихымыз жайлы терең мағлұмат беру, Отанға, елге  деген махаббаттарын ояту,

16 наурыз  күні оқырмандарға қызмет ету  бөлімінің кітапханашысы Гүлнар Есенбаева  «Қазақ хандығының шежіресі» атты  тақырыптық  көрмесін құрып,  оқырмандардың назарына ұсынды. Тақырыптық көрмеде 18-ден астам кітап және мерзімді басылым материалдары ұсынылды.  Қазақ  хандары жайлы кітаптар, буклеттер қойылды.  Қазақ хандарының шежіресін  өсіп өнген  тал түрінде құрастырып оқырмандарға көрсетті.

17 наурыз  күні балалар бөлімінің ұйымдастыруымен  «Ұлытау- ежелгі шахар» атты  сурет  сайысы  өтті.   Сайысқа  9-14 жас  аралығындағы  оқырмандар қатысты. Балалар   тарих беттерінен  Ұлытаудың ежелгі көріністерін өз қиялддарынан қағаз бетіне түсірді.  Оқырмандардың жұмыстары сараланып, лайықты  деп танылғандары мақтау қағаздарымен марапатталды.

_MG_0543 18 наурыз күні  оқу бөлімінің кітапханашысы М. Тажиеваның ұйымдастыруымен  « Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.  Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз? Міне осы сауалдар төңірегінде  қызу талқылаулар болды. Оқырмандар пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. 

19 наурыз  күні  «Атамұра» залында «Жас толкын» ақындар клубының оқырмандары арасында  мүшәйра өтті. Мүшәйрада жас ақындар «Қазақ хандығының 550» жылдығына  арналған арнауларын оқыды.  Молдагалиева Жұлдыздың арнауы ең үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға Батыл Бүлдіршін лайық деп танылды. Үшінші орын Джанбаева Гулсаяға  бұйырды. 

20 наурыз күні  кітапхана залында  «Біз- батырлар ұрпағы» ерлік сағаты өткізілді.

Бұл күні жиналған көрермендерге қысқа метражды  көркем фильм көрсетілді. Мағынасы терең, тәрбиелік маңызы зор көркем  фильм корермендерге өте ұнады. Осы күні көрермендер көп жиналды, жаңадан жазылған оқырмандар саны да   көп болды. Қорытындылай келе Қазақ хандығының 550 жылдығына араналған тақырыптық апталық өз деңгейінде өтті.  Іс-шаралар белгіленген уақытта  өткізіліп, кітапхана қызметкерлері белсене атсалысты. Апталық өз мақсатына жетті.

 

 

Әдіскер А.Черниязова