Мәңгі өшпес ұлы тұлға

Мақсаты:   Оқушыларға  қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.Көрмеге мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Кітапханашылар ұлт зиялысына арналған көрмемен таныстырып, ең алдымен Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың өмірі туралы мәліметтерге тоқталды. Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатынын және бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездесетіндігіде айтылды. Әрбір қойылған бөлімге шолу жасалып, оқырмандармен ой бөлісілді. Оқырмандарымыз өздерінің білген деректерін ортаға салып бір-бірімен пікір алмасты.