Мектеп - білім бастауы

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Мерекеге орай  «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 1 қыркүйегінде  «Мектеп - білім    бастауы»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  1 - 8 сынып оқырмандары қатысты. 

Мақсаты:         Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну , білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. 

                Білім күні - жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні біреулер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, мектеп атты зәулім ғимаратқа имене көз тастаса, біреулер университет қабырғасына балмұздақ болып қонақтап жатыр. Бұл күні балалармен бірге мұғалімдер де, ата-аналар да бір жасап қалады.  Қатысқан оқырман саны 22 бала. 

20160901_112147 20160901_112627 20160901_112635