Менің елім-Қазақстан
2016 жылдың 26 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Тәуелсіздіктің 25жылдығына арналған өзге ұлт өкілдерімен «Менің елім-Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлттардың бір шаңырақ астында тату тұрғаны , бүкіл әлем үшін халықтардың бейбіт қатар өмір сүру мен рухани және қоғамдық келісім көрінісі, қамқорлық үйлесімді әр түрлі ұлттық мәдениеттерге жарқын үлгі болды.Қазақ тілін оқып үйрену ерекше маңызды .Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз.Қатысқан оқырман саны 15,жаңадан 3 оқырман жазылды.