Жеңіс күніне арналған іс-шаралар
2024 жылдың 6 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Ер мен жердің жеңісі» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.
Қатысушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, тыл еңбеккерлерінің еңбегін қүрметтеуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Іс-шараға Приозерск горнизонындағы 44841 әскери бөлімшенің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері мен №1 жалпы білім беретін мектептің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында «Ер мен жердің жеңісі» атты бейнеслайд пен кітап көрмесі таныстырылып өтті.