100 кітап әлемінде

        «100 кітап» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың 21 қараша күні «100 кітап әлемінде» викторина өткізілді. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шараның мақсаты: оқушыларды әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларымен таныстыру. Кітап оқуға қызығушылықты арттыру, әдеби білімдерін кеңейту. Іс-шара барысында кітапханашы «100 кітап» жобасының маңызы туралы айтып, әлем әдебиетінің адам жанын байытатын, ой-өрісті кеңейтетін рухани қазына екенін түсіндіріп, кітап көрмесімен таныстырып өтті.«Кітап – адамзаттың мәңгілік серігі. 100 кітапты оқу – әлемді танудың 100 мүмкіндігі. Әр кітап жаңа әлемге жол ашады».