Қазақтың әйгілі сазгері

2020 жылдың 1 сәуір күні Кеңестер одағының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтың туғанына 95 жыл толуына орай  “Өнерін өнеге еткен-Нұрғиса Тілендиев» тақырыбында кітап көрмесі,  «Қазақтың әйгілі сазгері»  видеослайд оқырмандар назарына ұйымдастырылды.

      Нұрғиса Тілендиев - қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер.  Ол - 500-ден астам  музыкалық төл туындылардың авторы.  Ән,  күй, романс, увертюра, поэма, кантата, опера, балет сияқты бірнеше  жанрға қалам сілтеген дарын иесінің «Достық жолымен» , «Менің Қазақстаным» кантатасын , Құддыс Қожамияровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын , «Халық қуанышы» , «Қайрат» , «Жеңіс солдаты» сияқты увертюраларын атауға болады. Сондай-ақ «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған лирикалық әндері жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған баға жетпес туындылар. Мұның сыртында композитор «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың  құйрығы  неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдерге музыка жазып, қырық шақты спектакльге әуен жазған.

Скачать