Еңбектің наны тәтті

26 қыркүйек күні Еңбек күніне орай кітапхананың оқу бөлімінде ардагер ұстаз, ақын Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлымен «Еңбектің наны тәтті» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Еңбек адамын ұлықтау, еңбектің қоғамдағы рөлін насихаттау. Еңбек ардагерлерінің өнегелі өмір жолын жастарға үлгі ету. Іс-шара барысында еңбек ардагерінің өнегелі өмір жолы, жас ұрпаққа берер тағылымы мен еңбектің қадір-қасиеті жайлы әңгімелер қозғалып, ардагер ұстаздың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды ойлары жастарға үлгі етіледі. Оқушылар еңбек туралы ой бөлісіп, тағылымды пікір алмасты.