Қазақтың ұлттық тағамдары
21 наурыз Ұлттық тағамдар күніне орай «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз. Мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы білу, ұлттық тағамдар маңызды екенін түсіне білуге және түсінгендерін айта білуге дағдыландыру және қазақ халқының салт - дәстүрін білуге, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Қазақтың ұлттық дастарханында ерте пайдаланылған тамақтардың негізгі түрлері, ет, сүт, қымыз, сарымай, құрт, ірімшік, мал өнімдерінен дайындалған. Халық егіншілікпен айналысып бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде ғана мал өнімінен дайындалған негізгі тамақтарға қоса нан, сондай жеміс көкөніс дәндері келді. Олардың ішінде ең көп өндірілген тары, арпа, бидай, күріш.