Руханилық – бейбітшілік және келісім жолы

18 қазан – Рухани келісім күні! Бұл күн – ұлт пен дінге қарамай, баршаны бірлікке, өзара сыйластық пен татулыққа шақыратын мереке. Осы күнге орай №1 мектеп оқушыларымен «Руханилық – бейбітшілік және келісім жолы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызын насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, жастарды адамгершілікке, толеранттылыққа және бірлікке тәрбиелеу. Кітапханашы оқушыларға рухани келісімнің қоғамдағы рөлі, бейбіт өмір мен татулықтың маңызы туралы түсінік берді. Іс-шара барысында бейнежазбалар көрсетіліп, рухани мазмұндағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.