Ұстаз-ұлы есім

       2024 жылдың  3 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлы есім» атты тақырыптық кеш өтті. 

     Мақсаты:  Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.;
 ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу;

     Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.

      Кітапханашы ұстаздар күні туралы оқушыларға қысқаша айтып өтті.  «Ұстаз-ұлы  есім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.