Ұстаз-ұлы есім
2024 жылдың 3 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлы есім» атты тақырыптық кеш өтті.
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.;
ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу;
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.
Кітапханашы ұстаздар күні туралы оқушыларға қысқаша айтып өтті. «Ұстаз-ұлы есім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.