Жаңа кітаптар

Толық шығармалар жинағы

Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын өз  заманының ар-ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза жырларының өз оқырманына берері мол.

Бұл бірінші томға Фариза оңғарсынованың сонау 50-ші жылдардан бастап, әр жылдарда жазған сыр толғанысқа толы поэзиялық шығармалары енген.

Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік

Ұ.Е Сыдықовтың бұл кітабына соңғы жылдары баспасөзде жарияланған ғылыми-публистикалық мақалалары топтастырылған. Мақалалардың негізгі өзегі-жаhандану үдерісінің барлық елдер мен халықтарға ықпалы барған сайын артып отырған жағдайда, еліміз әлемдік ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатқан бүгінгі заманда ұлттық болмысымызды әспеттеп, ұлттық рухымызды асқақтатып, дүние таныған Мәңгілік ел болудың қам-қарекеті жөніндегі мәселелер.

Қазақстан астығы: Кеше және бүгін

Еңбек жолын бөлімше агрономынан бастаған ғалым-ұстаздың бұл кітабында Қазақстанның топырақ, табиғат жағдайларына сай келетін астық өндірісінің ғасырлық тәжірибесі талданды.

Кітап  колледждер оқушылары мен университеттер студенттеріне, аграршы ғалымдарға, көпшілік қауымға арналған. 

Алаш жолы

Белгілі жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың оқырман назарына ұсынылып отырған «Алаш жолы»  рисәләсі қазақ азаттық қозғалысы тарихынан сыр шертеді. Қолдарыңыздағы кітапқа рисәләнің «Аңсау», «Тамыр», «Айбат» атты бөліктері енген. Аталмыш шығармалардан оқырмандар Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Лапин, Ә.Ибрагимов, Ж.Ақбаев т.б тарихи тұлғалардың азаттық қозғалыстың бастапқы жылдарындағы қызметімен танысады.

Кітап қазақтың ұлттық азаттығын көксеген Алаш қозғалысы тарихымен әуестенетін көпшілікке, жастарға арналған.

Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана

Кітап қазіргі заман бейнелеу өнерінің философиялық негізін түсінуге мүмкіндік береді және қазақ көркем өнерінің өрлеу бағыты ұлттық ұжымдық бейсана мен тығыз байланыста дамитындығына көз жеткізеді. Бұл еңбектегі ұсынылған теорияларды, нақтырақ айтсақ, өнер иесін дайындауда, бұқаралық санада ұлттық рухты қалыптастыруда пайдалануға болады.

Кітап өнертанушыларға, студенттерге және жалпы оқырманға арналған.

Әлемдік өркениет іздері: Ежелгі шығыс

Белгілі географиялық аймақта пайда болған, әлемдік өркениеттер дамуының алғы шебінде, ізашар ретінде кейінгіге өшпес мұра, үлгі қалдырған Шығыс елдерінің аңызбен астасқан материалдық игіліктерді өндіру, жасау жолдары мен діни, адами ұстанымдары, рухани құндылықтары кітапқа арқау болды. Кітап ежелгі Шығыс елдерінің, соның ішінде көшпенді өмір салтын ұстанған халықтардың да өзіндік ерекшеліктерімен дамыған мәдениеті жетістіктеріне қызығушылық білдіретін оқырман қауымға арналған.

Қазақ хандығының құрылу тарихы

Монографияда орта ғасырдағы қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті – Қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелері қарастырылған. Автор әр тілде жазылған көптеген ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне, түрік халықтары мен қазақ халқының ауыз әдебиеті материалдарына сүйене отырып, Қазақ хандағының құрылу тарихындағы күрделі мәселелерді жүйелі түрде тереңірек зерттейді. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының құрылуы бір кезеңде жүзеге асқан тарихи үрдіс деп есептеп, Қазақ хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөлін ашып көрсетеді.

В результате волинтаринсткого подхода при проведении социально-экономических реформ в Казакстане

В результате волинтаринсткого подхода при проведении социально-экономических реформ в Казакстане: конфискации имущества баев 1928г: насильственной коллективизации  и ликвидации байства 1930-1931гг,вызвавших массовые восстания откочевки: принудительного «оседания» населения в Казакстане нарастал голодный кризис.Гуманитарная катастрофа начала 1930-х гг: вымирание от голода  и связанных  с ним эпидемий, вынужденные миграции обернулись потерей более чем сорока процентов казахского этноса.

Шығыс Түркістан халықтары ұлт-азаттық дәуірі

Белгілі тарихшы Әлімғазы Дәулетхан назарларыңызға ұсынып отырған «Шығыс Түркістан  халықтары  ұлт-азаттық дәуірі» әдебиеті (1679-1949) атты көлемді ғылыми монографиясы автордаң көп жылдарға созылған іздену-зерттеулері нәтижесінде жазылған құнды еңбек болып табылады.

Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес

Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда.Әлемдік қоғамдастық 2014 жылдың тымызындағы Минск кездесуінің, сондай-ақ 2015жылдың ақпанында Минскіде өткен (норманд пішіміндегі) саммиттің даму барысын мұқият бақылап отырды.

   Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді қызметінің куәгері болған еді.Кітапта Майдандағы 2015жылдың ақпан айына дейінгі оқиғалар қамтылған.