Жаңа кітаптар
Наурызнама
Әлемге аты мәшһүр шығыс шайырларының бірі Омар Һайамның «Наурызнама » атты еңбегіне халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар, Наурызға байланысты діни-танымдық қағидалар, түрлі қызықты материалдар еніп отыр.
Құттыаяғым күшігім
Чех жазушы Е.Горелованың бұл шығармасы мектеп оқушыларының өмірінен жазылған. Ізгі жүректі Радко Меленова, табиғатқа жанашыр Рудо Бакош және басқа балалар иесіз қалған ит-Ионашты қамқорлыққа алады. Олардың дастығы, адалдығы шынайы суреттеледі.
Өнертабыстар
Бұл әсерлі тақырыптық энциклопедиялар балғын оқырмандарға ой өрісін кеңейтуге көмектеседі, қоршаған әлем туралы олардың түсінігін маңызды мәліметтермен толтырады. Балалар өсімдік және жануар әлемінің әр түрлілігі, жердің әр түрлі табиғи зоналарының ауа райы туралы, адам денесінің құрылымы туралы көп жаңа және қызықты мәліметтерді біледі.
Кішкентай маймыл
Кішкентай маймыл бұталардың арасында мангоны доп қылып ойнап жүр. Ол ны аспанға лақтырып жіберіп қайтадан қағып алады. Шылп! Манго екіге қақ бөлінді де ішінен шырыны төгіліп қалды. Ағаштан қайта манго жұлып алып ойнай бастады.
Жасырынбақ
Орманда Энди деген қонжық өмір сүретін. Бірде ол өзінің достары – түлкі, қоян, және тиінмен бірге жасырынбақ ойнады. Түлкінің аты – Томи, қоянның аты – Робин, тиіннің аты – Нибл.
Жоғалған доп
Алан атты жолбарыс бар еді. Ол бір күні добын жоғалтып алды. Сөйтіп, бұл туралы достарына айтып, добын іздеуге көмектесулерін өтінді.
Ұсқынсыз үйрек
Ерте,ерте, ертеде бір үйрек өзен жағалауына ұя салып, жұмыртқа басып шығарыпты. Ол жұмыртқалардан алты сүйкімді, бір ұсқынсыз балапан балапан шығыпты.
Қызыл қоңыз
Бір бұтада отыра берген қызыл қоңыз өзін жалғыз сезіне бастайды. Бір күні «Мен айналамдағы дүниені көруім керек... о-о, таптым! Мен одан да жұмыс іздеймін! – деген ой келеді оған. – Маған серіктес болатын достарымды сапарға шақырайын!»
Пысық құлан
Үнемі өзінің пысықтығымен, ширақтығымен көзге түсіп жүретін құлан бірде қоршауының ішінен жоталарға көз тастайды. «Олардың шөбінің дәмі қандай екен?» деген әуестік билейді.
Жұлдыздар және ғаламшарлар
Бұл әсерлі тақырыптық энциклопедиялар балғын оқырмандарға ой өрісін кеңейтуге көмектеседі, қоршаған әлем туралы олардың түсінігін маңызды мәліметтермен толтырады. Балалар өсімдік және жануар әлемінің әр түрлілігі, жердің әр түрлі табиғи зоналарының ауа райы туралы, адам денесінің құрылымы туралы көп жаңа және қызықты мәліметтерді біледі.