Жаңа кітаптар

Қалдыбек Рахманов. Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы

                 Ислам дінінің ұстанымдары мен оның ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан тәжірибесіне үңілген кез келген жан Ислам мен лаңкестіктің, экстремизмнің т.б адамзатқа қарсы қастандықтардың бір-біріне мүлдем жат екеніне куә болады. Мұхаммед (с.а.с) үмбетіне терроризм, экстремизм сияқты қанқұйлы әрекеттермен байланыстыру асыл дінімізге күйе жағып, нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан ақпараттық жұмысқа насихат екені көріне. Исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажыратып, халайыққа нақты жағдайды ашып көрсету мақсатын ұстанған осы жинақта белгілі қоғам және дін қайраткерлері бірауыздан Исламдағы «жиһад» ұғымының лаңкестікке ешбір қатысы жоқ екеніне дәлелді жауап береді.

А.К.Муминов. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии

     Монография арабиста – исламоведа Муминова А.К посвящена исследованию роли и значения богословов  ханафитского мазхаба в истории Центральной Азии в VII-XV веках. Она осуществлена на основе материала рукописи сочинения выходца из Золотой Орды Махмуд  ибн Сулайман ал-Кафави (ум. В 989/1581 г.) «Ката’иб а’лам ал-ахйар мин фукаха’мазхаб ан-Ну’ман ал-мухтар» («Разряды выдающихся мужей из законоведов школы ан-Ну’ман Избранника»).

      В ней показана ключевая роль богословов – ханафитов  в многовековых процессии в регионе с разнородным этническим составом, особенностями в экономике, культуре, обычаях  и верованиях. Также прослежена история богословкой школы Центральной Азии, которая дала множество великих имен, выдающихся произведений для развития исламской цивилизации.

Қазақстан театрлары

Біздің өнердің жоғары дәрежеде тұрғанын, мақтанышпен айта аламын. Қазақстанда көптеген шығармашылық ұжамдар  табысты жұмыс  істеуде, олардың  қатарында бірегей ұйғыр, кәріс, неміс театрлары бар, облыстарда жаңа театрлар ашылуда.

    Рухани дамудың үлкен қажеттілігі туындап, халық театрларға барып жатыр. Қазіргі кезде күнделікті қойылымдарда зал адамға  лық толы. Бұл әрине мақтан тұтарлық жағдай, қазіргі таңдағы бар жетістігімізді одан әрі дамыту-бұл біздің  міндетіміз.   

Мейірман Нұрекеев

    Қазақ өнеріндегі тұлпар тұлғалар ғасырдың әр кезеңінде қылаң беріп, оқ бойы озық көрініп отырады... Оның әрқайсысын уақыт белгілейді, халық таңдайды.

     Мейірман Нұрекеев – ХХ ғасырдың 70-інші жылдарында өнер сахнасына шығып-танылып, 90-ыншы жылдардың аяғына қарай фәни дүниемен қош айтысқан қайталанбас тұлға. 

Қазақстан – Қарашаңырағым

Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты  ұлы істерге ұйыстыпудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. ХХI ғасырдың ең басты заңы – татулық!

    Фотоальбом Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған.

Ерлікті сүйген Ел нұрлы

Кітап – фотоальбом  Жеңістің 70 жылдығына арналған. Кітапта Қызылорда облысынан майданға аттанған ардагерлер туралы деректер топтастырылған.

    Сондай-ақ кітапта ардагерлердің мерейтойлық суреттері, ерлікке қойылған ескерткіштер де беріліп отыр. 

Апатқа апарар үш індет

   Еңбекке бүгінгі күні қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткінің тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етіледі. Мақсат-ендігі жерде жас ұрпақтың бұлармен улануына жол бермеу .

Әсел Қайратқызы . Қыз өссе – елдің көркі

   Жас талапкер Әсел Қайратқызының «Қыз өссе – елдің көркі» атты тырнақталды еңбегі өз замандастары: он екіден жасы асқан бойжеткендерге арналған. Жас автор өз құрбыларының балғын балалық шақтан бойжеткен аруға айналу кезеңіндегі ақпараттар қажеттілігіне зәрулігін ескере отырып олардың адамның өзін-өзі тануы, өзгелермен қарым-қатынас жасауы ана болуы тәрізде тіршіліктің толып жатқан  қыр-сырларын ұлы тұлғалар өнегесіне арқылы танып-біліуне, түсінуге көмектесуді мұрат тұтқан.

ҰЛТ РУХЫ

Бұл кітапқа Алаш Қайраткерлерінің Отан, Ел, Тіл, Діл, Жер, Шекара, Білім, Патриотизм туралы айтқан қанатты сөздері топтастырылған.

   Алаш қайраткерлерінің ұлықтау, ол-Тәуелсіздігімізді асқақтаумен бірдей. Ұлы мұрат жолында ұланғайыр ерлік көрсеткен оларды қалай құрметтесек те жарасымды.

   Кітап көпшілік қауымға арналған.

Бабадан қалған асыл сөз

Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері- елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арналған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең,дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.