Жаңа кітаптар

С.Шаймерденов .Таңдамалы шығармалар жинағы

ҚР Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың бұл жинағына кезінде оқырман  мен көрерменнен өз бағасын алған «Қарғаш», «Ит ашуы» атты повестері мен «Дөкей келе жатыр», «Әнім сен едің» және т.б пьесалары топтастырылған.

Құлбек Ергөбек. Қарасөз

«Қарасөз»-көрнекті әдебиет сыншысының толайым қазақ прозасына арнаған жанрлық –тақырыптық тұтас сын кітабы.

    Жұлын-жүйкесі бүтін біртұтас сын кітабына Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбайұлы, М.Мағауин, Д.Исабеков және сыншымен қанаттас бір буын прозашылардың тұлғалық талдамасы («Дарын даралығы»), сондай-ақ қазақ романы , повесть, әңгіме жанрының қалыптасуы, өсу-өркені жайында толғаныстары («Жанр жаңалығы»)еніп отыр.

    Сонымен бірге «ізденгіш сыншы» (Қ.Сұлтанов) экспериментке барып «Бір роман» (С.Мұқановтың «Адасқандар» романы), «Бір хикаят» (Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» повесі), «Бір әңгіме» (Д.Әшімханұлының «Тасқала» әңгімесін) атап, жеке шығарманы бас-басына лабораториялық тұрғыдан арнайы талдайды.

    Мейлі шығармашылық тұлғаға ден қойсын, мейлі әдеби процеске зер салсын, қандай шығарманы да буынынан ұстап талдайтын, төгілдіре толғайтын эстет сыншы «таңқалдыра біледі, тамсандыра біледі» (Ә.Кекілбайұлы) мақалаларында. Кітаптың тілі нәрлі, ой сараптамасы ойландырарлық.

Аяз би

     Роман кешегі кеңестік  кезеңнің  өлара тұсындағы қоғамның партноменклатура  деп аталатын  бөлшегінің құпияға  толы қатпарларын терең ашуға арналған.

А.Ахетов. Властелин духа

Книга посвящена выдающемуся просветителю казахского народа  Ахмету  Байтурсынову. В  основе  повествования – важные биографические  вехи жизненного пути главного героя.

Медеу Сәрсеке. Шығармалары

Қазақ  қауымына  жақсы  мәлім,  орыс  тіліне  де  аударылып,  жұртшылық тезінен  өткен  деректі  хикаяттары  туралы: «Өмірлік  мұраттарымыз  жаңарған соң  өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді.Күні кеше құнды болған жайттарға  сыпыра жаңару жүруде. Кезінде жұртшылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шығармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен қайталанатын болды. Алайда сол туындыларды  бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан  сызып тастауға  бола ма? ­з басым сщған шүбәлімін. Жоқ  ұмытуға болмайтын  да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес...»- деген  тұжырым айтады сексен  жастың өріне таяған кексе жазушы Медеу Сәрсеке.

Нұрпейіс Байғанин. Шығармалар жинағы

Нұрпейіс Байғаниннің 3 томдық шығармалар жинағының ІІІ томына «Төрехан», «Қарасай- Қази», «Құбығұл» жырларының ақын жырлаған нұсқалары еніп отыр, Ақын репертуарындағы «Батырлар жырының  желісі» мен «Қараүлектің Мамайы жоқтауының » байғаниндік нұсқалары да осы  томға енгізілді.

Солақай

Шәкен Күмісбайұлының таңдамалы шығармаларының бірінші томына таңдамалы повестері енді. Ауылда өскен жазушы көбіне соғыстан кейінгі балалар өміріне ден қояды. Репрессияға ұшыраған басқа ұлт өкілдері балалары мен үлкендерінің және кең құшақ  қазақ  ұлтының өкілдерінің  достығынан сыр шертеді.  Атом бомбасының қазақ жерінде сыналуына да қарсылық  оқиға желісі де  мол. Оқиғасы тосын, тілі жатық.

Степи – в кочевники космоса

Эта книга служит для того, чтобы, опираясь на события прошлого, понимать настоящее и планировать будущее в масштабах страны. Определение положения страны и нации в мире и времени важно для дальнейшего поступательного развития страны.

Я познаю мир

Футбол - одна из самых популярных  спортивных игр. Книга знакомит с азами  футбола, основными приемами и разработанными тренерами  тактическими схемами. В ней рассказывается об истории футбола, знаменитых командах и игроках, наиболее захватывающих  матчах, о деятельности Международной ассоциации футбола и развитии футбола в России.

Для детей среднего школьного возраста. 

Жануарлар - спортшылар

Әйәй –кішкентай бүлдіршіндерге арналған топтама. Көркем суреттермен безендірілген топтаманың кітаптарында балдырғанның танымын дамытатын өлеңдер, шағын ертегілер берілген.