Новые книги
Ерлікті сүйген Ел нұрлы
Кітап – фотоальбом Жеңістің 70 жылдығына арналған. Кітапта Қызылорда облысынан майданға аттанған ардагерлер туралы деректер топтастырылған.
Сондай-ақ кітапта ардагерлердің мерейтойлық суреттері, ерлікке қойылған ескерткіштер де беріліп отыр.
Апатқа апарар үш індет
Еңбекке бүгінгі күні қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткінің тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етіледі. Мақсат-ендігі жерде жас ұрпақтың бұлармен улануына жол бермеу .
Әсел Қайратқызы . Қыз өссе – елдің көркі
Жас талапкер Әсел Қайратқызының «Қыз өссе – елдің көркі» атты тырнақталды еңбегі өз замандастары: он екіден жасы асқан бойжеткендерге арналған. Жас автор өз құрбыларының балғын балалық шақтан бойжеткен аруға айналу кезеңіндегі ақпараттар қажеттілігіне зәрулігін ескере отырып олардың адамның өзін-өзі тануы, өзгелермен қарым-қатынас жасауы ана болуы тәрізде тіршіліктің толып жатқан қыр-сырларын ұлы тұлғалар өнегесіне арқылы танып-біліуне, түсінуге көмектесуді мұрат тұтқан.
ҰЛТ РУХЫ
Бұл кітапқа Алаш Қайраткерлерінің Отан, Ел, Тіл, Діл, Жер, Шекара, Білім, Патриотизм туралы айтқан қанатты сөздері топтастырылған.
Алаш қайраткерлерінің ұлықтау, ол-Тәуелсіздігімізді асқақтаумен бірдей. Ұлы мұрат жолында ұланғайыр ерлік көрсеткен оларды қалай құрметтесек те жарасымды.
Кітап көпшілік қауымға арналған.
Бабадан қалған асыл сөз
Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері- елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арналған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең,дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.
Жеті жамбы
«Жеті жамбы» аталатын бұл кітап халқымыздың рухани қазынасының танымал үлгілерінен құрастырылды . Пайдалануға қолайлы болу үшін, кітап мазмұны мен жанр ерекшелігіне қарай жеті бөлімге бөлініп, әрқайсысы үлкен кітап-кешеннің ішіндегі өз алдына жеке кітапша ретінде қарастырылу мүмкіндігі көзделді. Оларда жанр бойынша: ертегілер, тұрмыс –салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, даналардан қалған нақыл сөздер, шешендік толғаулар, жыр-термелер, халық әндері, балалар ойындары қамтылды. Мақсат – балаларды жасынан тапқырлыққа, естілікке, тектілікке, дегдарлыққа, салауаттылыққа баулу, ойын дамыту. Кітап мектеп оқушыларының, ата-аналардың, сынып пен үйірме жетекшілерінің және басқа да ынталы оқырмандардың пайдалануына арналды.
Туран сквозь лабиринты времени
На мой взгляд, в этом небольшом книжном издании большее место занимает описание о воскрешении всего тайного в истории многих народов.
Бақтыбай Жолбарысұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы Шығармалары
Суырып салма ақындардың ішінде әрі қарапайым, әрі тапқыр юморы түгесілмей, үсті –үстіне іздеуден шалдықпайтын Бақтыбай Жолбарысұлының, өлеңді жазып та, қолма-қол айтып та шығара беретін, әрі ойлы, білімді Майлықожа Сұлтанқожаұлының табан астында тауып айтқан туындылары бұған дейінгі жинақтарынан сұрыпталынып алынды.
Шәмші-дария
Атақты сазгер, қазақтың біртума таланты Шәмші Қалдаяқов туралы «Шәмші-дария» атты дастанында қаламгер өнерге шын ықыласымен берілген Шәмшінің қилы-қилы тағдырын, қиын-қыстау шығармашылық өмір жолын нақты деректер арқылы өлең тілімен өрнектеп береді.
Дастанмен бірге қаламгердің повестері мен әңгімелері де беріліп отыр.
Рухы күштілер
Алапат соғыстың от пен жалынына оранған КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі ұлы айқаста өзге ұлт өкілдерімен қатар қазақ сарбаздары мен сардарларының да ерекше көзге түскені әлем жұртшылығына мәшһүр. Олар сол кездегі ортақ Отанымыздың астанасы Мәскеу мен Сталинградты жаудан қорғап, Берлинге дейін барды, Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ту тікті. Фашизмді түбегейлі тізе бүктіру үшін Квантун армиясын Қиыр шығыстан түре қуып, Тынық мұхиты жағалауына дейін жетті.