Новые книги
Ебіней Бөкетов
Шығармалары
Ебіней Бөкетовті қалың оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Атақты ғалым ретінде қалыптасумен қатар, ол көркем шығарма, әдеби- мәдени сын жазумен, әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларымен қазақ оқырмандарын таныстыру мақсатында аудармамен де айналысқан.
Екінші томға оның әлем әдебиетінің классиктері У. Шекспирден, В. Маяковскийден, С.Есениннен т.б. аударған еңбектері топтастырылып берілді
Евней Букетов
Представлять Е.Букетова читателям не стоит. Как ученый он знаменит и как литератор имел многих почитателей. И поэтому его литературное наследие вошло «Библиотеку Сары- Арка» двухтомником. В настоящий том вошли его два произведения- «Шесть писемь другу» и «Святое дело Чокана». Они найдут своих читателей и среди казахов и среди русскоязычных.
Арқадағы арда жыр
«Сарыарқа кітапханасы»сериясымен шыққан бұл кітаптың бірінші томына қара өлеңнің бесігі, қара қазақтың несібі болған Қарағанды облысындағы бір топ ақындардың жауһар жырлары топтастырылды. Жинақтан өлең өлкесіне өзіндік үнімен келіп, толқын- толқынымен қаулап келе жатқан шайырлар шаһарының үнін естіп, жырын тыңдағандай әсер аламыз.
Сөз патшасы жырсүйер оқырман жүйріктерін билеп алары сөзсіз.
Жайық Бектұров
Бұл томға автордың әр жылдары жазылған публицистикасы енді. Сталиндік зұлматтың қанды шеңгелінен көп азап шеккен қарт қаламгер өзінің өткір де шыншыл шығармаларында қоғамдық құрылыстың әділетсіздігін, тоталитаризмнің озбырлығын, ұзақ жылдар бойы қыспақтан қазақ халқы шеккен азап сырын ашады, халық тағдырының қисынсыз идеологияға сәйкес бұрмаланып бейнеленуін әшкерелейді, тәуелсіздік тұсында қайталанбауға тиіс өткеннің қателіктерін таңбалап көрсетеді.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Елбасына тұғыр болған Сарыарқа
Сарыаркинский взлет Елбасы
Кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектегі және саяси қайраткерлік қызметі басталған Қарағанды облысымен байланысына арналып отыр. Мұнда ардагер журналистердің Нұрсұлтан Әбішұлының алғашқы еңбек қадамдары туралы жазған очерк - суреттемелері, қазіргі БАҚ қызметкерлерінің Елбасы туралы мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған. Қоғам қайраткерлері, достары мен әріптестері, белсенді авторлар болашақ Мемлекет басшысының Днепродзержинскінің техникалық училищесінде, Қазақстан Магниткасының домнамалары мен алып цехтарында, комсомол және партия қызметінде қалай өсіп, шыңдалғанын, қайраткерлік қасиеті қалай қалыптасқанын ілтипатпен еске алысады. Материалдар кезінде республикалық және жергілікті баспасөзде, жекелеген кітаптарда жарияланған.
Ақселеу Сейдімбек. Шығармалары
Көрнекті ғалым – жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған шығармалар жинағының екінші томына 1972-1991 жылдар аралығын қамтитын күнделіктері топтастырылды.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Камал Смайылов. Шығармалары
Қазақстан Журналистика академисының толық мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы – публицист Камал Смайыловтың шығармалар жинағына дәуір шындығы мен заман тынысын арқау еткен очерктері, публицистикалық ой- толғамдары енген. Сондай- ақ осы кітапқа халық жазушысы әрі көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен баспасөз бетінде («Егемен Қазақстан») жазысқан әңгіме-хаттары топтастырылған.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Арна
«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан «Арна» ұжымдық жинаққа сегіз ақынның, атап айтқанда, Қуаныш Ахметов, Қалиақпар Әбілдин, Хамит Жаманов, Тұрсын Жұмаш, Серғазы Зекенов, Зейнолла Көшкенов, Базар Мамыр, Атымтай Оспанның шығармалары топтастырылды.
Жүрегі бөлек, тілегі бір, арманы бөлек, мақсаты бір марғасқалардың өлең – жырларын бір арнаға тоғыстырған бұл жинақ өлеңсүйер оқырманға арналған.
Әлжаппар Әбішев. Шығармалары
Қазақстанның халық жазушысы Әлжаппар Әбішевтің «Сарыарқа кітапханасы» сериясына енген шығармаларының екінші томына «Найзағай»романының заңды жалғасы- «Атыңнан айналайын» еніп отыр. Алаштың күрескер ұлы Мәдидің бастан кешкен ғұмыры шынайы суреттелетін «Кек» және «Ант» атты екі бөлімнен тұратын бұл шығарма өз кезінде оқырманын сүйсінткен болатын.
Кітап барша оқырман қауымға арналған.
Ғабиден Мұстафин
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғабиден Мұстафиннің бұл томына оқырмандарға бұрыннан жақсы таныс «Шығанақ» және «Көзкөрген» романдары еніп отыр.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.