Новые книги
Кәкімбек Салықов. Шығармалары
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың бұл кітабына Сарыарқаның алтын тәжі – Астанаға арналған өлеңдері, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінің өндірісі қайнаған, тәуелсіз елдің жаңа өмірі жайнаған келбетін паш ететін өлеңдері жинақталған. Оқушы қауым «Жезкиіктің» елімен танысады, Арқаның асыл азаматтарымен ұшырасады.
Кітап поэзия сүйер көпшілік оқырманға арналған.
Қойлыбай Асанұлы, Дәулет Сәтібеков. Шығармалары
Бұл томға бір заманның төлі, қос құрдас- Дәулет Сәтібеков пен Қойлыбай Асанұлының әр жылдары жазылған өлеңдері мен жыр-толғаулары, сондай –ақ драмалық шығарма мен поэма, балладалары топтастырылған.
Өмірден ертерек кеткен Дәулет ақынның даналығы мен даралығын жыр-ғұмыры мен ақындық болмысын арқау еткен шығармалары сағындырғандай болады. Тағдырлы жырларының ойы анық, бояуы қанық, жатық оқылады, жүрекке жылы тиеді.
Есімі елімізге кеңінен мәлім, талай-талай ақындар айтысында топ жарған Қойлыбай ақынның жырлары ата дәстүрді, ұлттық намысты, өскен өлке алдындағы перзенттік парызды паш етеді.
Әбжан Омарбаев. Шығармалары
Белгілі қаламгер Әбжан Омарбековтың «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған шығармалар жинағының бір томдығына таңдаулы повестері мен әңгімелері топтастырылды. Туындылардың тілі шұрайлы, қызықты оқылады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Ақжан Әл- Машани. Шығармалары
Кіндік Азияда фарабитанудың атасы Ақжан әл- Машани – еуропалықтар Шығыс Аристотелі деп атайтын дүниежүзілік екінші ұстаз – әл мұғалім әл-сани аталған Әбу Насыр Мұхаммед Әл-Фарабидің Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екендігін алғаш дәлелдеп, он бір ғасырдан соң ұрпағымен қауыштырушы ғана емес, баба мұраларын жан-жақты зерттеп, фарабитанудың көпірін тұрғызушы.
«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан Ақжан әл- Машанидің бұл кітабына ұлы бабамыздың тұңғыш рет көркем бейнесі сомдалған «Әл-Фараби» романы мен әр жылдары басылған мақалалары енгізілді.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Сәйділ Талжанов. Шығармалары
Филология ғылымдарының докторы, аудармашы Сәйділ Талжановтың «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған екі томдық шығармалар жинағының ІІ томына қаламгердің қазақ әдебиеті жайлы зерттеу еңбектері, ой-толғаныстары, сын мақалалары, естелік әңгімелері енгізілді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Бүркіт Ысқақов. Шығармалары
Белгілі ақын әрі әдебиеттанушы ғалым Бүркіт Ысқақовтың «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған бұл кітабына негізінен балаларға, жасөспірімдерге арналған өлеңдері топтастырылды.
Жас оқырмандар талғамына сай жазылған туындалар қызықты да тартымды оқылады.
Михаил Балыкин Сергей Житников Николай Кузнецов Николай Титов. Избранное
В данный сборник вошли произведения известных современникам поэтов М.Балькина, С.Житникова, Н.Кузнецова, Н.Титова. Всех авторов объединяет одно – их жизнь и творчество были прочно связаны с Карагандой и Казахстаном. Патриотические и лирические произведения посвящены нашей стране, ее трудовому народу, родным местам поэтов, известным казахским писателям и современникам авторов.
Книга представит интерес для широкого круга читателей.
Михаил Балыкин Сергей Житников Николай Кузнецов Николай Титов. Избранное
В данный сборник вошли произведения известных современникам поэтов М.Балькина, С.Житникова, Н.Кузнецова, Н.Титова. Всех авторов объединяет одно – их жизнь и творчество были прочно связаны с Карагандой и Казахстаном. Патриотические и лирические произведения посвящены нашей стране, ее трудовому народу, родным местам поэтов, известным казахским писателям и современникам авторов.
Книга представит интерес для широкого круга читателей.
Серік Ақсұңқарұлы
Қарағанды өңірі ғана емес, бүкіл Қазақстан, тіпті алыс-жақын шетел оқырмандарына да белгілі- ақын шығармалары жинағының ІІ томына оның жаңа – ХХІ ғасырда дүние есігін ашқан жырлары мен эсселерін енгіздік. Оқырмандардың бұл томнан да ләззат алары даусыз.
Әуезхан Көшімов
Кезінде «Қазақтың Пришвині» атанған қабырғалы қаламгер, күй өнері, саятшылық және қыр қазағының тағдыры шығармашылығының үш діңгегіне айналған жазушы, ақын Әуесхан Көшімовтің «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған шығармалар жинағына повестері, әңгімесі, поэмалары мен өлеңдері топтастырылды.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.